Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

"Қазақмысты" қазақстандық бизнес элита өкілдері тонап жатыр

83


«Қазақмыс» ЖШС-нің химиялық зертханалар басқармасының бұрынғы басшысы Бахыт Әділова компанияның кен құрамындағы металдардың нақты құрамын жасыру арқылы құнды ресурстарды шетелге жасырын түрде шығарып отырғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Қазақмыс» руданың нақты химиялық құрамын анықтаудың орнына, үлкен қателікке ұрындыратын рентгеноспектральдық әдісті қолдануда. Бұл әдіс өнімдегі нақты металл мөлшерін дәл көрсетпейді. Бұған қоса, 2019 жылы Балқаш пен Жезқазғандағы зертханалар аутсорсингке беріліп, енді Қазақстан өз кен орындарынан қандай және қанша ресурс шығарылып жатқанын өзі де білмейді.

Ел байлығын кім тонап жатыр?

Холдингтің 100% акциясы қазақстандық кәсіпкерлерге тиесілі. Яғни, бұл жерде елдің қазба байлығын шетелдіктер ғана емес, өзіміздің бизнесмендер де жымқыруда. Оның үстіне, пайдалы қазбаларды өндіру туралы келісімшарттар Қазақстанға шикізаттың тек 70%-ын әлемдік бағамен қайта сатып алу құқығын ғана береді.

Яғни, біз өз ресурстарымызды сатудың орнына, оны шетелдік инвесторлардан қайтадан сатып алып отырмыз. Ең сорақысы – қазір тіпті нақты қанша және қандай шикізат өндіріліп жатқаны белгісіз.

Стратегиялық байлық шетелге өтеді ме?

Мұның бәрі аз болғандай, «Қазақмыс» енді стратегиялық маңызы бар сегіз кен орнын шетелдік инвесторға сатуға дайындалуда. Егер бұл жоспар жүзеге асса, Қазақстанның табиғи байлықтарын бақылау мүлдем қолымыздан шығып кетуі мүмкін.

Ал әзірге мемлекет ресурстарынан түскен тиын-тебенді санап отырған кезде, ұлттық байлығымызды өзіміздің бизнес элита өз қалталарына басып жатыр.