Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Берлинде “Үлкен коалиция” құру туралы келіссөздер басталды

34


2025 жылғы 14 наурыз, Берлин /DW/ – Германияда Бундестагтың кезектен тыс сайлауынан екі апта өткен соң, үкіметтік коалиция құру туралы келіссөздер Берлинде басталды. Коалицияға Христиан-демократиялық одақ (ХДО) мен Христиан-әлеуметтік одақ (ХӘО) бірлестігі және Германияның Социал-демократиялық партиясы (ГСДП) кіреді.

Наурыздың 13-і күні кешке консерваторлар мен социал-демократтар Берлиндегі ХДО штаб-пәтерінде кездесіп, коалициялық келісімнің негізгі бағыттарын талқылай бастады.

Үкіметтік коалицияны құрайтын партиялар келіссөздерге қатысатын делегация мүшелерінің тізімін алдын ала жариялаған. 16 жұмыс тобы құрылып, олар коалициялық келісімнің жобасын 24 наурызға дейін дайындауға тиіс. Ең күрделі мәселелер ретінде иммиграциялық саясат, бюджет, салық және қорғаныс салалары көрсетіліп отыр.

Келіссөздердің соңғы кезеңінде барлық жұмыс топтарының шешімдері қарастырылып, оларды коалицияны құрайтын үш партияның көшбасшылары бекітеді. Бұл көшбасшылар:

Фридрих Мерц (ХДО төрағасы),

Ларс Клингбайл және Саския Эскен (ГСДП тең төрағалары),

Маркус Зёдер (ХӘО төрағасы).

Коалицияның негізгі ұстанымдары

23 ақпанда өткен Бундестагтың кезектен тыс сайлауында ең көп дауыс жинаған ХДО/ХӘО блогы қазіргі билеуші коалицияға кіретін Социал-демократиялық партиямен алдын ала келіссөздер жүргізді. 8 наурызда коалицияның негізгі құжат жобасы таныстырылды, онда:

Иммиграциялық саясатты қатаңдату,

Қаржы саясатын кең көлемде реформалау мәселелері қарастырылған.

Алдағы күндері тараптар коалициялық келісімнің нақты шарттарын талқылап, Германияның жаңа үкіметін құруға жақындайды.