Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Украина: Трамптың идиотизмі және Путиннің рухтануы

69


Украинадағы Ресейдің әскери арнайы операциясына үш жыл (1095 күн) толып, төртінші жылға қадам басуына байланысты ақпараттық теңгерімділікті сақтау мақсатында Украина Президенті В. Зеленскийдің сұхбаты, Трамптың әрекеттері туралы АҚШ пен Еуропа саясаткерлерінің мәлімдемелері, сондай-ақ Ресейдің "Энергия на шару" сайтының материалдары негізінде шолу жасап ұсынамыз.

Трамптың алдыңғы әкімшілігі кезінде Президент атындағы Еркіндік медалімен марапатталған америкалық генерал Джек Кин Трамптың оғаш мәлімдемелерін түзетіп, былай деді:

"Зеленскийдің рейтингі 4%-ға түсті" деп "57%" деп шатастырды. Жалпы, Трамп Зеленскийге шабуыл жасау арқылы өзінің нағыз ақымақ, толық идиот екенін дәлелдеді. Оның ақымақтығын бүкіл Америка көрді. Енді Дональдтың екі ғана жолы қалды: не Ресейдің агенті әрі Путиннің досы болып, қорқыныштан қалтырап отыру – бұл, сөзсіз, импичментке алып келеді; не Украинаға нақты көмек көрсете бастау. Тек осы екі жол бар."

Цифрлық платформаларда Трамптың алғашқы бір айдағы әрекеттерінің сәтсіздігі туралы талқылаулар күшейді. "Энергия на шару" сайты оның қателіктерін былай тізбектеді:

1. АҚШ-та инфляция тоқтаған жоқ.

2. Еуропаны біріктіріп, нығайтып жіберді.

3. Зеленскийдің төмендеп бара жатқан рейтингін қайта көтерді.

4. Әлемдік диктаторларды қолдады.

5. Путинді рухтандырып, оны әскери қылмыстарға итермеледі.

6. Канада мен Мексиканы АҚШ-тың жауына айналдырды.

Бұл – Трамптың алғашқы айдағы "жетістіктері"!

Трамптың Украинадағы сайлау туралы мәлімдемесіне Чехия Президенті Петр Павел жауап берді:

"Украина жерінің 20%-ын Ресей басып алып, үш жыл бойы соғыс жүріп жатқанда, сайлау өткізу қалай мүмкін болмақ? Миллиондаған адам босқынға айналып, Ресейдің тыңшылары мен сатқындары қаптап жүргенде сайлау өткізуге бола ма?"

Трамптың мәлімдемелері Ресейдің арнайы қызметі дайындаған ақпараттық шабуыл болуы мүмкін деген күдік бар. Зеленскийдің өзі бұл туралы:

"Трамп айтқан 4% – бұл жалған ақпарат. Егер біреу мені ауыстырмақ болса, бұл жүзеге аспайды!" – деді.

Зеленский Еуропалық Одаққа және НАТО-ға кірмейінше, президенттік қызметтен кетпейтінін мәлімдеді:

"Мен Украинада бейбітшілік орнату үшін барлығына дайынмын. Әрине, Ресей менің саясаттан кеткенімді қалайды. Бірақ мен Украина ЕО мен НАТО-ға кіргенше қызметімді жалғастырамын."

Польша Президенті Анджей Дуда Трамптың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлогпен кездесіп, Трампты Ресейдің соғысын тоқтатуға шақырды.

АҚШ Конгресінде Трамптың әрекеттері қызу талқылануда. Сенаттағы Демократиялық фракция жетекшісі Чак Шумер оны қатты сынға алды:

"Трамп – Путиннің насихатшысы. Ол Ресейдің басқыншылығына Зеленскийді кінәлап отыр, бұл – масқаралық!"

Республикалық сенатор Рожер Уикер Путинге сенбеу керек деп ескертті:

"Путин – әскери қылмыскер. Ол өмір бойы түрмеде отыруы немесе өлім жазасына кесілуі тиіс."

Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында Зеленский сөз сөйлеген кезде көпшілік оған ұзақ қол шапалақтады. Оның басты мәлімдемелері:

Украинаны НАТО емес, украин армиясы қорғап тұр.

Путин қазір әлсіз. Оған бірлескен қысым көрсету қажет.

Украинасыз Украина туралы шешім қабылдау мүмкін емес.

Соғысты тоқтату үшін келіссөз жүргізгенімен, Путин шын мәнінде уақыт ұтуға тырысады.

Украина соңғы жылда 1,5 миллион дрон өндірді, бұл салада әлемде көш бастап тұр.

Зеленскийдің бұл сөзі көпшіліктің қолдауына ие болды, ал АҚШ Вице-президентінің сөзіне залда тек үш адам ғана қол шапалақтаған.

Трамптың әрекеттері оның саяси оқиғаларды түсіну деңгейіне күмән келтіреді. АҚШ ішіндегі және халықаралық қауымдастықтағы сыншылар оны Ресейдің мүддесіне жұмыс істеп жатыр деп айыптауда. Украина күресті жалғастыруда, ал Зеленскийдің НАТО мен ЕО-ға кіру мақсаты одан сайын нығайып келеді.