Брюссель Грузияға санкциялар салып, визасыз режимді тоқтатуы мүмкін

28



Munarmedia.kz 20.09.2025 /Астана/-Еуропалық Одақтың сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Анитта Хиппердің мәлімдеуінше, Еурокомиссия Грузия билігіне қарсы санкциялар енгізу және ел азаматтары үшін визасыз режимді тоқтату мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы халықаралық және аймақтық БАҚ хабарлады, деп жазады Exclusive.kz.

«Біздің Грузия билігімен саяси байланыстарымыз айтарлықтай қысқарды, ал оларға бағытталған қаржылық көмек тоқтатылды», – деп Хиппердің сөзін келтіреді Вести басылымы.

Оның айтуынша, Еуроодақ Грузия басшылығына қысым жасаудың жаңа тетіктерін қарастырып жатыр. Бұл қадамдар елдегі демократиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қолға алынуда.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 30 қазанда Еурокомиссия Грузияның ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздерді бастауына ұсыныс жасаудан бас тартқан болатын. Комиссия Тбилисиден өзінің саяси бағытын өзгертуін талап еткен. Бұл тұжырымдар Еуроодақтың жыл сайынғы кеңею және кандидат елдердің прогресі туралы баяндамасында қамтылған.

Кейінірек, 2024 жылдың күзіне қарай Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе елдің ЕО-ға мүшелікке үміткер мәртебесі бойынша мәселелерін 2028 жылға дейін кейінге қалдырғанын мәлімдеген.

Фото: Stringer / Sputnik