"Байтақ" партиясы құрамын кеңейтуде

69

Ақмола облыстық филиалы аудандарда партия филиалдарын ашу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Кеше Ақмола облысының Аршалы ауданында партия филиалының төрағасы сайланды.

Оспанова Күлпаш  Балтабайқызы -көптеген жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек еткен, соңғы жылдары аудандық әділет басқармасын басқарған. Зейнеткерлікке шыққанмен де алты жыл бойы аудандық әкімдіктің қоғамдық кеңесін басқарып, ауданның дамуына өзіндік үлесін қосты.  Қазірде қарап жатпай аудандағы  экологиялық проблемаларды белсенді көтеріп келеді.

Көптеген мемлекеттік наградалардың иегері, жоғары санатты заңгер Күлпаш Балтабайқызы «Байтақ» партиясының Аршалы аудандық филиалын басқара отырып, ауданның саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық проблемаларын шешуге, партия беделін көтеруге, ел экологиясына шынайы жаны ашитын партия мүшелерін көбейту ісінде атсалысады деген сенімдеміз. Ауданның партия белсенділері мен экология жанашырлары  қатысқан  жиында Оспанова Күлпаш Балтабайқызы -Қазақстанның «Байтақ» партиясының Аршалы аудандық филиалының төрағасы болып бірауыздан сайланды.

Ақмола облыстық партия филиалының төрағасы Баяжума Асылбек құттықтап Күлпаш Балтабайқызының қызметіне сәттілік тіледі. Қазіргі таңда «Байтақ» партиясы еліміздегі экологиялық мәселелерді көтеріп, халықаралық саяси аренада Ресей, Монғолия, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстен және Еуропарламент, БҰҰ экологиялық ұйымдарымен тығыз байланыс орнатып, беделі өсіп, белсенді қызмет етіп жатқан жас партиялардың бірі.

Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев партия мүшелері алдында нақты міндеттер қойып отыр. Оны жүзеге асыру үшін бірлік пен береке, еңбек етуді талап етуде.