Caribbean Princess круиздік лайнерінде норовирус инфекциясының таралуы тіркелді

9

АСТАНА.11.05.2026.Munarmedia.kz — Атлант мұхитында жүзіп жүрген Caribbean Princess круиздік лайнерінде норовирус инфекциясының таралуы тіркелді. Бұл туралы АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары хабарлады.

Мәліметке сәйкес, оқиға 7 мамыр күні анықталған. Кемеде 3,1 мыңнан астам жолаушы мен экипаж мүшесі болған. Олардың ішінде 115 адамнан құсу және іш өту секілді белгілер байқалған.

Қазіргі уақытта науқастар оқшауланып, лайнерде толық дезинфекциялық жұмыстар мен зертханалық тексерулер жүргізілуде. Кеме портқа жеткеннен кейін санитарлық өңдеуден толық өтеді.

Мамандардың айтуынша, норовирус асқазан-ішек жолдарының жіті қабынуын туғызады және әлемдегі ең кең таралған ішек инфекцияларының бірі саналады. Вирус көбіне жабық кеңістіктерде, оның ішінде круиздік кемелерде, қонақүйлер мен қоғамдық орындарда жылдам таралады.

Дәрігерлер жеке гигиена талаптарын сақтау, қолды жиі жуу және санитарлық нормаларды қатаң ұстану мұндай инфекциялардың алдын алуда маңызды рөл атқаратынын ескертеді.

#Munarmedia #Астана #CaribbeanPrincess #Норовирус #АтлантМұхиты #Инфекция #Денсаулық #АҚШ #ХалықаралықЖаңалықтар