АСТАНА.11.05.2026.Munarmedia.kz — Financial Times басылымының жазуынша, АҚШ енгізген жоғары кедендік тарифтерден кейін Еуропаның автомобиль өнеркәсібі 8 миллиард еуродан астам шығынға ұшыраған.
Басылым мәліметінше, ең ірі шығынды германиялық автоконцерндер көрген. Атап айтқанда:
— Volkswagen — 3,6 млрд еуро;
— BMW — 2,1 млрд еуро;
— Mercedes-Benz — 1,3 млрд еуро;
— Stellantis — шамамен 1,2 млрд еуро көлемінде шығынға тап болған.
Сарапшылардың болжамынша, егер Вашингтон еуропалық көліктерге салынатын баж салығын толықтай 25 пайызға дейін көтерсе, автокомпаниялардың шығыны 2026 жылдың өзінде тағы 2,6 млрд еуроға ұлғаюы мүмкін.
АҚШ Еуропадан келетін автомобильдерге тарифтерді 2025 жылдан бастап кезең-кезеңімен көтере бастаған. Бұған дейін баж салығы уақытша 15 пайызға дейін төмендетілген еді. Алайда Дональд Трамп Еуроодақты сауда міндеттемелерін орындамады деп айыптап, тарифтерді қайтадан 25 пайызға дейін арттыру туралы мәлімдеді.
Фридрих Мерц бұл шешімді Еуропа экономикасына жасалған ауыр соққы деп бағалап, мәселе алдағы G7 және НАТО саммиттерінде талқылануы мүмкін екенін айтты.
Сарапшылардың пікірінше, сауда шиеленісінің күшеюі жаһандық автомобиль нарығындағы бәсекені ушықтырып, Еуропа мен АҚШ арасындағы экономикалық қатынастарға әсер етуі ықтимал.
#Munarmedia #Астана #АҚШ #Еуроодақ #Автопром #Volkswagen #BMW #MercedesBenz #Stellantis #Трамп #ФридрихМерц #Экономика #ХалықаралықЖаңалықтар