Челах ісін қараған судья Жамбыл облысында қызметінен босатылды

45

Munarmedia.kz 23.02.2026 /Astana/Ербол Ахметжанов Жамбыл облыстық сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Ахметжанов бұған дейін «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адамның қаза табуына байланысты атышулы істі қараған болатын. Сол іс бойынша Владислав Челах кінәлі деп танылып, сот үкімі шыққан еді.

Image

Image


Еске салайық, «Арқанкерген» оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырып, ел тарихындағы ең даулы қылмыстық істердің бірі ретінде бағаланған.

Қазіргі уақытта Ербол Ахметжановтың қызметтен босатылу себептері туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.