Munarmedia.kz 05.01.2025 /Астана/ – Данияның премьер-министрі Трампқа қоқан лоққы көрсетуді тоқтатуды сұрады. Ол Данияның, сонымен бірге Гренландияның да НАТО қорғауында екенін еске салды.
Бұған дейін Трамптың көмекшілерінің бірі Стивен Миллердің жұбайы X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде Гренландия картасын АҚШ туының түстерімен бояп, «жақында» деген жазумен жариялаған.
Осыдан бірнеше сағат өткен соң Дональд Трамп ұшақ бортында журналистерге берген мәлімдемесінде АҚШ-қа Гренландия «ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қажет» екенін айтып, «Дания мұны қамтамасыз ете алмайды» деген пікір білдірді.
Айта кетейік, өткен жылдың қаңтар айында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, Гренландияның 57 мың тұрғынының басым бөлігі Даниядан тәуелсіз болуды қалайды, алайда АҚШ құрамына қосылуға қарсы.