Экологиялық қауіпсіздік конституциялық басымдық ретінде бекітіледі: Роман Скляр Экология министрлігінің алқа мәжілісін өткізді

22

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа мәжілісі өтті, онда 2025 жылғы жұмыстың қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өз сөзінде алқа отырысы еліміз үшін маңызды оқиға – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жөніндегі республикалық референдум қарсаңында өткізіліп жатқанын атап өтті.

Конституция жобасының ұсынылған редакциясында қоғамның басты сұраныстарының бірі – адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы орта құру, табиғатқа ұқыпты қарау сынды іргелі қағидатты енгізу, — деді Роман Скляр.