"21 наурызды көктем мен бауырластық мерекесі деп жариялауға дайынсыздар ма? Мен бұл ұсынысты парламентке ұсынуға дайынмын", – деп мәлімдеді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
Наурыз – парсы дәстүрінен бастау алатын көне мереке. Ол зороастризммен тығыз байланысты және 21 наурызда күнтізбелік жаңа жылдың, көктемнің басталуын атап өтеді.
Түркияда бұл мейрам негізінен * күрд халқы мен алевилер* арасында кеңінен тойланады. 1925 жылдан 1991 жылға дейін елде Наурызды атап өту ресми түрде тыйым салынған еді.