Munarmedia.kz 12.10.2025 /Астана/Exclusive.kz хабарлауынша, Еуропалық Одақ Тәжікстан билігіне Ресей президенті Владимир Путинге қатысты Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) ордерін орындамағаны үшін наразылық білдірді.
ЕО Сыртқы істер қызметінің өкілі Анитта Хиппер атап өткендей, қолданыстағы ордерге қарамастан, Ресей басшысы Тәжікстанға сапармен барған. Алайда Рим статутына қатысушы мемлекет ретінде Тәжікстан халықаралық құқық нормаларына сай қажетті шараларды қабылдамаған.
Бұл жағдай Еуроодақ тарапынан халықаралық міндеттемелердің орындалуына қатысты алаңдаушылық тудырды.