Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы жаңа санкцияларды мақұлдады

34


Еуропалық Одақ елдері Ресейге қарсы 17-санкциялық пакетті ресми түрде бекітті. Бұл туралы ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас әлеуметтік желіде хабарлады.  ЕО Ресейге қарсы 17-санкциялық пакетті мақұлдады. Бұл тізімге шамамен 200 кеме кірді, олар «көлеңкелі флотқа» жатады, – деп жазды ол X желісінде (бұрынғы Twitter). Калластың айтуынша, пакетке сонымен қатар гибридті қауіптерге қарсы шаралар мен адам құқықтарын қорғауға бағытталған бастамалар енгізілген. Еске салсақ, бұған дейін Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро ЕО елдері Ресейге қарсы 17-санкциялық пакетті келісім арқылы мақұлдағанын мәлімдеген болатын.