Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Байқоңыр мен Семей халқы азайып жатыр: Қазақстанда тағы қай қалалар қауіп тобында?

30


2024 жылғы 1 сәуір мен 2025 жылғы 1 сәуір аралығында республика және облыс деңгейіндегі 41 қаланың 20-сында — яғни жартысында — халық саны азайған.

Бірінші кредиттік бюроның деректеріне сәйкес, халық ең көп қысқарған қала — Қонаев. Мұндағы тұрғындар саны жыл ішінде 8,2%-ға кеміп, 65,9 мың адамға түскен. Екінші орында — Семей қаласы, мұнда халық саны 5,1%-ға азайып, 314,1 мың адам қалған. Үшінші орында — Байқоңыр: халық 3,6%-ға қысқарып, 32,4 мың адамды құраған.

Айта кетерлігі, соңғы бес жыл ішінде халық санының тұрақты түрде азаю үрдісі тек Семей мен Байқоңырда ғана анық байқалады. Ал Қонаевтағы көрсеткіштер 2022 жылы қала Алматы облысының әкімшілік орталығына айналғаннан кейінгі уақытша өсімнен кейінгі қалыпқа келу ретінде қарастырылады.