Германия Мақсат Дүйсеновты қайтарудан бас тартты

70

28.05.2026. Munarmedia.kz. АСТАНА — Германия Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті экстрадициялаудан бас тартты. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы растады.

Ведомство мәліметінше, Берлин тарапы қабылдаған шешім түпкілікті болып саналады және Германия заңнамасына сәйкес оған шағымдану мүмкіндігі қарастырылмаған.

Мақсат Дүйсенов Қазақстанның құқық қорғау органдарында жиырма жылдан астам қызмет атқарған. Ол 2025 жылдың тамыз айында бірнеше мәрте пара алды және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланған болатын.

Араға бір ай салып, Дүйсенов Германияның Фюрт қаласында ұсталды. Кейін ол Германия билігінен саяси баспана сұраған.

Қазіргі уақытта Германия тарапының экстрадициядан не себепті бас тартқаны ресми түрде түсіндірілген жоқ. Соған қарамастан, Қазақстандағы тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Іс бойынша тергеуді Қазақстан Бас прокуратурасы жанындағы арнайы тергеу тобы жүргізуде. Бұл іс бұрынғы қаржы полициясының жоғары лауазымды қызметкерлеріне қатысты қозғалған бірқатар қылмыстық істер аясында қарастырылып отыр.

Аталған істер қатарында қаржы полициясының бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты эпизодтар да бар екені хабарланды.

#Қазақстан #МақсатДүйсенов #Германия #экстрадиция #БасПрокуратура #ҚайратҚожамжаров #саясибаспана #Munarmedia #Астана