Германия Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокурорын экстрадициялаудан бас тартты

30

Munarmedia.kz 11.02.2026 ж. /Астана/ -Германия билігі Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті экстрадициялаудан бас тартты. Құқық қорғау саласындағы ARGA ұйымының мәліметінше, қазіргі уақытта ол бостандықта жүр.

Қазақстан тарапы Дүйсеновті елге қайтару рәсімін 2025 жылдың қыркүйегінде бастаған.

Сол кезде Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Интерпол желісі арқылы халықаралық іздеуде жүрген азамат Германияның Фюрт қаласында ұсталғанын растаған еді.

Министрлік мәліметіне сәйкес, күдікті Германияның құқық қорғау органдары тарапынан халықаралық ынтымақтастық аясында анықталып, қамауға алынған.

Мақсат Дүйсенов Қазақстанның бұрынғы Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың командасымен тығыз байланыста болғаны айтылып жүр. Кейбір деректерге сәйкес, Қожамжаров қазіргі уақытта Мәскеуде болуы мүмкін.

Іс бойынша ресми органдар әзірге Германия сотының экстрадициядан бас тарту себептері туралы толық түсініктеме берген жоқ.