Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Илон Масктың орнына басшы іздестіріле бастады

16


ВАШИНГТОН, 2025 жылғы 3 мамыр (France24) – Америкалық «Tesla» компаниясының директорлар кеңесі бас директор Илон Масктың орнын басатын үміткерді іздеуді бастағаны туралы Wall Street Journal сәрсенбі күні хабарлады. Басылым бұл ақпаратты жағдайдан хабардар дереккөздерге сілтеме жасап жазды. Аталған қадамға байланысты жетекші лауазымдарға кадр іздейтін агенттіктермен байланыс шамамен бір ай бұрын орнатылған көрінеді. Алайда бас директорлық қызметті тапсыру процесі қай деңгейде жүріп жатқаны әзірге белгісіз.

Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру агенттігін (DOGE) басқарып, мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту науқанын жүргізіп жатқан Масктың өзі басқарудағы Tesla компаниясының соңғы уақытта табысы мен сатылымы төмендегені инвесторлар арасында алаңдаушылық туғызуда.

Илон Маск бұған дейін Дональд Трамп әкімшілігіне арнайтын уақытын азайтып, өз компанияларына көбірек көңіл бөлетінін бірнеше рет айтқан болатын. Алайда ол компания директорлар кеңесінің мүшесі ретінде бұл ауыс-түйістен хабардар болған-болмағаны, сондай-ақ Tesla-ға көбірек уақыт арнаймын деген уәдесінің оның орнын басатын жаңа басшы іздеу процесіне әсер еткен-етпегені беймәлім.

«Tesla» компаниясы мен Илон Маск аталған жағдайға қатысты түсініктеме беру жөніндегі Reuters агенттігінің сұранысына жауап бермеді.


?