Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы артып келеді

36


2024 жылы Қазақстандағы электр энергиясының өндірісі мен тұтыну арасындағы айырмашылық соңғы жылдардағы ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Есеп бойынша, былтыр еліміздің электр станциялары 117,9 млрд кВт∙сағ электр қуатын өндірсе, тұтыну көлемі 120,4 млрд кВт∙сағатты құрады. Осылайша, тапшылық 2,4 млрд кВт∙сағатқа жетіп отыр. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда да көп – ол кезде тапшылық 2,2 млрд кВт∙сағат болған.

Жетпеген көлем негізінен Ресейден импорт арқылы, сондай-ақ аз мөлшерде Қырғызстаннан жеткізу арқылы өтелуде. 2024 жылы ел ішіндегі электр өндіру көлемі 4,2 пайызға артқанына қарамастан, бұл көрсеткіш сұранысты толық жабуға жеткіліксіз. Қыс маусымы тағы да тапшылықпен аяқталды.

Алайда кейбір оң өзгерістер де байқалады: көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларының үлесі азайып, 77,4 пайыздан 74,9 пайызға түсті. Оның орнына өзге энергия көздерінің үлесі артқан:

▪️ Су электр станциялары (СЭС) – 9,5 %;

▪️ Газтурбиналық станциялар – 10,1 %;

▪️ Жаңартылатын энергия көздері (жел, күн, биогаз) – 5,4 %.

Фото: Freepik