АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ- Қазір 8-қа жуық миллиард халқы бар орташа табысы бар елдер
уақытпен жарысуда.
Көбісі алдағы екі-үш
онжылдықта жоғары кіріс дәрежесіне жету үшін амбициялық мерзімдерді белгіледі. Бұл
оңай болмайды.
1990 жылдардан бері табысы орташа
34 ел ғана бұл жетістікке жетті. Қалған 108-і – 2023 жылдың соңына қарай орташа
табыс тұзағында қалды.
Қарыздың жоғары деңгейі мен дамушы елдердегі
халықтың тез қартаю, яғни еңбекке жарамды адамдардың азаюы дамыған экономикалардағы протекционизмнің
күшеюіне байланысты қазіргі ортада жоғары кіріс дәрежесіне көтерілуі тіптен қиындады.
«2024 жылғы Дүниежүзілік даму есебіне» қарағанда барлық «дамушы»
экономикалардың орташа кіріс тұзағынан қалай құтылуға болатынын былайша сипаттайды.
Өздерінің даму сатыларына байланысты «дамушы» елдер
төмеңгі сатыларға бөлінеді.
• Табысы төмен елдер тек ғана инвестицияны ұлғайту
саясатына ғана назар аударады.
• Орташа табысы төмен елдер стратегиясын өзгертіп
инвестиция + елге келетін ақшаның өзі түсетін жолдарын қарастырады. Оған ғылыми жаңалықтарды сату, сұранысқа қажетті
тауарлар мен өндіріс өінмдерін сату жатады.
• Орташа табыс деңгейі жоғары елдер инвестиция тартып, елге құйылатын ақша көлемін ұлғайтып,
жаңа иннвациялық жобалар әзірлейді.
Шетелдік инвестиция дегеніміз –инвестиция салған елдегі
компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін салынған капиталдың бір елден
екінші елге ауысуы.
Инвестиция салған ел өз қаражатынан артығымен
табыс табу үшін мақсатты түрде жұмыс жүргізеді. Капитал салған елге салық төлеу
басқа да заң нормаларында қабылданған төлемдерді ғана төлеп, негізгі табысты өз
еліне әкету үшін жұмыс істейді. Қазақстан қазір тек ғана инвестиция тартушы
төмеңгі табысты елдер қатарында.
Өзіндік инновациялық жобалары жоқ мемлекеттің
ғылыми үрдістерді дамытуға аса құлқы жоқ. Ел аумағындағы аса ірі табиғи
байлықты инновациялық жолмен өздері өңдеп, сату жолдарына қаражат құймай, осы
саламен айналысатын шетелдік компанияларды тартуды көздеп отыр. Мұның
нәтижесінде елдегі байлық түгесіліп қалса шетелдік компаниялар елден кетіп қалады.
Нәтижесінде тұрақсыз экономика орын алады.
Сондықтан
да Қазақстан билігі алдағы уақытта кәсіби мамандармен бірлесіп, ірі
инновациялық жобалар әзірлеумен айналысу керек. Әрине, мұны Қазақстан
экономистері мұны білмей жүрген жоқ. Елдегі қаншама өнертапқыштардың жаңа
дүниелері мемлекет тарапынан қолдау таппай отыр. Тіпті қорғаныс саласында елде
жасалып жатқан өнімді сатып алмай, шетелден қымбат бағаға алынып жатқан
қорғаныс құралдарында жемқорлық пен лобби осыны дәлелдеп тұр.
Мысалға, Түркия жасалып жатқан «Bairagtar»
ұшқыссыз ұшағы әлемдік нарыққа шықты. Қазір бұл ұшақтар мемлекеттің табыс
көзіне айналды. Біздің мемлекетте отандық өнімге деген сенімсіздік,
менсінбеушілік басым. Нәтижесінде шетелдік компаниялардың қымбат бағалы
өнімдерін тұтыну, сатып алу белең алған. Лоббистік көзқарас та белең алған.
Қазақстан алдағы уақытта әлемдік экономикаға
бейімделіп, елдің ішкі нарығы мен сұранысын қамтамасыз етем десе, елдегі және
шетелдік мамандарды тарта отырып, экономикалық жаңғыру саясатын жүзеге асыру
керек. Жаңа экономикалық реформа ғана Қазақстанның алдағы геосаяси жағдайда өз
орнын тұрақты түрде сақтап қалуына әсер ететіні сөзсіз.
Асылбек Байжұмаұлы