Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Еуропаның болашағына қауіп төніп тұр

83


Еуропа жетпіс жылдан жылдам астам уақыт өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде АҚШ-тың ықпалында тұрғаны сөзсіз. Алайда АҚШ-тағы Президент сайлауы әлем елдерін алаңдата бастады. 2018 жылдан бастап Еуропа елдері АҚШ-та өтіп жатқан сайлауларға жіті мән бере бастады.  Қазақстан билігі де алдағы АҚШ сайлауында кімнің президенттік таққа отыратынын қадағалп отыр. Себебі Трамп немесе Хариис келген жағдайда Қазақстан мен Орталық Азияның саясаты да өзгеретіні хақ.

1990 жылдары Америка Құрама штатындағы президент сайлаулары әлемдік саяси құрылымдарға өзгерістер енгізе бастады. Бұған едйін КСРО құрамындағы және оның ықпалындағы мемлекеттер Кеңес оДағындағы өзгерістерге ғана мән беріп, батыс пен АҚШ-тағы саяси реформаларға аса мән берген емес. Сонымен қатар КСРО құрамындағылар елдер сыртықы саяси аренда ойыншылар қатарында тұрмайтын.

1991 жылы КСРО ыдырап, оның құрамындағы мемлекеттер өз тәуелсіздіктерін алған кезде саяси, экономикалық жағынан Еуропа мен АҚШ елдеріндегі сайлаулар мен оларды билеушілердің ықпалынсыз даму мүмкін емес екендігін түсінді.

Сондықтан да Қазақстан әуел бастан-ақ көпвекторлы саясат ұстанып, АҚШ, Қытай, Ресей сынды алып мемлекеттерден инвестиция тартып, өзінің табиғи байлықтарын басыбайлы өңдеп, сатуға келісім беру арқылы ғана өзінің маңыздылығын арттырды. Алайда бұл әрекеттер Қазақстан экономикасына қаншалықты әсері болды? Ол бөлек әңгіме. Қазақстан эконмикасы шикізат өндіруші және қамтамасыз етуші мемлекет статусында қала отырып, «дамушы» елдер статусынан алға жылжымады.

Бұл туралы талдауларымызды алдағы мақаламызда оқитын боласыздар. Ал қазіргі таңда бүкіл әлем көз тігіп отырған АҚШ –да 5 қараш күні өтетін Президент сайлауына оралайық.

АҚШ Кеңес Одағы құлаған соң әлемде геосаяси билікті жалғыз өзі жүргізуді қолға алған мемелкет. АҚШ-та сайланған Президенттерінің саясаты әлемнің геосаяси, экономикалық ахуалына тікелей әсерін тигізіп келеді.

Мысалға,  1990 жылдары Билл Клинтон билікке келген соң НАТО-ны кеңейтіп, оған Чехия, Венгрия мен Польшаны мүшелікке қабылдаауға әсер етті. Айтар кетерлігі НАТО мен Еуроодақ, БҰҰ –да қазіргі таңда АҚШ-тың ықпалында екенін белгілі.

2000 жылы билікке келген АҚШ тПрезиденті Джордж Буш Еуропа үшін қиын болды. АҚШ Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэрді кетіріп, Иракқа шабуыл жасады. 2016 жылғы сайлаудан соң Еуропа басшыларының АҚШ-тағы президент сайлауына деген қызығушылығын тіптен оятты.

Билікке келген Дональд Трамп Еуропа елдерін тарифтік соғыспен байлап, бірлескен жұмыс жоспарларының түкке тұрмайтынын көрсетті. Америка әлемдік геосаяси ахуалды не ушықтартын, не тоқтата алатынын көрсетіп ғана қоймай, тікелей өзі қатыспай, өзгенің қолымен көсеуді қолға алды.

2020 жылы президент Байден АҚШ  одақтастарын бекітіп, НАТО-ның Украинаны қолдауы арқылы Ресейді әлсірету жұмыстарын ьастап кетті. Бүгіңгі күні Ресей мен Украина, Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс пен соғыс Америка мен оның жақтастарының саясатына тікелей байланысты екені белгілі. Трамптың екінші мәрте президенттікке келуі инфлияцияны төмендетіп, тарнсатлантикалық мемлекеттермен қатынастың толық бұзылуына және хаосқа әкелу мүмкін деп есептейді, сарапшылар.

Сарапшылардың айтуынша, Трамптың билікке елуі Еуропа елдернің ыдырауына және Украина мен Иранның тағдырына тікелей әсер етуі мүмкін дейді. Сонымен бірге Украина өз жеңілгенін мойындап, қазіргі территориясы көлемінде ғана қалуы салдарынан Путиннің одан сайын күш алып, өзінің басқыншылық саясатын балтық елдеріне қарай жалғастыру ықтималдығы аса түседі. Сонымен қатар Иран мен Израиль қарым-қатынасының толық бұзылып, Израиль АҚШ қолдауымен бұдан зор қиянатты соғыстарды жалғастырады деген сенімде.

Камала Харрис билікке келген жағдайда НАТО мен дипломатиялық қарым-қатынас өз деңгейінде сақталып, АҚШ-тың сыртқы саясаты тұрақталады деп отыр.

Алайда, Камала әлемді үшінші дүниежүзілік соғысқа итермелемей, АҚШ-тың ықпалын «сиқыр түллк» амалдарымен жүзеге асырады. Әрине бұл сайлау алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі сұрақтарды бірлесіп шешу процессін қиындатады. Мен ғана білем, мен шешем дейтін АҚШ пен Қытай, Ресей сынды державалардың меңмендігі әлемдегі миллиондаған жандардың жапа шегуіне әкелуі мүмкін.

Сондықтан да Қазақстан үшін түркі елдерімен одақтастығын күшейтіп, Орталық Азия елдерінің қорғаныс, экономика, білім, рухани саласындағы өзара ынтымақтастығын нығайта бергені жөн болар. Қасымжомарт Тоқаев аса тәжірбиелі әлемдік деңгейдегі дипломат ретінде бұл қиындықтардан Қазақстанның аман-есен шығып кетуіне жолбасшы боларына сеніміміз мол.

Асылбек Байжұмаұлы