Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ресейдің Қытайға газ сату жобасы орындалмайтын тәрізді

60



 

Астана. Munarmedia.kz- Әрі дос, әрі жау. Ресей мен Қытай сыртқы саясатта бірге сынды көрігенмен энергетика мәселесіне келгенде пкірілер екіге бөлінді. Нәтижесінде Түркіменстан Қытайға газ сататын ірі бенефициар болатын тәрізді. Бүгіңгі Президент Тоқаевтың Түркіменстанға сапары газды Қытайға сатпау немесе Қазақстан арқылы Ресей газын Қытайға сату жөнінде келісуге баруы мүмкін. Ресей көп жағдайда сыртқы дипломатиялық шаруада Тоқаевты пайдаланып жүргені өтірік емес.

Бірнеше ай бұрын Ресей мен Қытай шенеуніктері өзара Монғолия территориясы арқылы «Сила Сибири 2» газқұбырын салуға келскен болатын. Алайда Монғолия жақында алдағы бесжылдықтағы экономикалық жоспарға газ құбырын өткізу туралы жоспарды енгізбеуі Қытайдың ықпалынан туындап отыр деген пкірге саяды. Демек, Қытай Ресейдің табиғи газын сатып алуға мүдделі емес,-деп хабарлайды South China Morning Post . 

Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, «Сила Сибири 2» га құбыры арқылы Қытайға Монғолия арқылы  будет 50 миллиар кубометр газ жылына жіберіледі екен. Украинамен соғысып, қаржыдан әбден титықтаған Ресей үшін зор мүмкіндік. Қазір Еуропа елдері Ресей газынан бас тартып жатқаны белгілі. Қытай Ресейдің батыс санкцияларына қарсы тұруына көмектесіп жүргені белгілі. Бірақ достықтың да шегі бар десеген болу керек.  Қытай қазір Түркменстанды барынша қолдап келеді. Мысалға Түркіменстан студенттері Қытайдың мұнай университетінде жазғы оқу лагерінен өтті деп хабарлайды,-Туркменпортал.

Сарапшы Алексей Чигадаевтың айтуынша, Пекин Түркменстан арасындағы салынатын газ құбырының басталуынан іске асыу аралығын толық бақылау алады және авторитарлық биліктегі мемлекет болғандықтан келісу тіптен оңай. Сонымен қатар Түркіменстанның экономикасы да Ресейдікі сияқты күрделі емес деп отыр.

Қазіргі таңда Түркменстан газ сату жағынан биылғы жылдың өзінде Ресейді артқа тастап кетті. Өзбекстанның Spot.uz  ақпарат агенттінің мәліметіне сүйенсек, Түркіменстан Қытайға қаңтар мен шілде айында  5,67 млрд долларға газ сатқан. Ресей екніші орынды иеленіп  4,69 млрд, Қазақстан Қытайға  730 млн доллардың газын сатқан дейді.

Асылбек Байжұмаұлы