АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ- Хамастың сәрсенбі күңгі
хабарламасында Ирандағы ХАМАС ұйымының көшбасшысы Исмаил Хания Тегерандағы
резиденциясына Израиль әскерилерінің шабуылы барысында өлтірілді деп мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Хания Иранның жаңа президенті Масуд Пезешкианның сейсенбі
күні өткен ант қабылдау рәсімінен кейін өлген.
AFP ақпарат агенттігінің хаюарлауынша, Иран ислам
революциясына қорғаушылар корпусы орын алған оқиғаның түпкі мақсаты белгісіз
және тергеп, тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеген. 62 жастағы Хания 1980
жылдан бері ХАМАС ұйымының белді мүшесі.
1989 жылы Израиль Ханияны палестиндіктердің көтерілісін
басу кезінде тұтқындап, үш жылға бас бостандығынан айырған.
1992 жылы Израил мен Хамас көшбасшыларымен бірге
нейтральды аумаққа жер аударылған.