АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ -Венесуэла астанасы Каракаста
кешегі өткен Президент сайлауына қарсы шеру басталды. Мыңдаған адам қала орталығына президенттікке
үміткер Николас Мадураның жеңгені туралы сайлау комиссиясының қорытындысы
шыққаннан кейін жиналды.
Алайда бейбіт шеру полициямен және Мадуро жақтастарымен
қақтығысқа ұласты. Кейібір деректерге қарағанда 750 ден астам адам тұтқындалып,
бірнеше адам қаза болғаны туралы айтылды. Алайда билік тарапынан ресми мәлімет
жоқ.
Сейсенбі күні Венесуэла қорғаныс министрі шеруді
мемлекеттік төңкеріс деп атады. Сонымен қатар елдің қорғаныс саласы толығымен
президент Николас Мадуроны қолдайтындықтарын мәлімдеді. Оппозиция өкілі Корино
Мачадо «Біз бейбіт әрекеттер жасауымыз керек. Түрлі араңдатушылыққа
берілмеңіздер. Билік бізді бір-бірімізге қарсы қойып отыр. Біздің кандидатымыз 70%
дауыс алды. Біз елоді біріктірдік. Біз кезінде Мадураға сенгеніміздей, бұл
кандидатымызға да сенеміз» деп мәлімдеді.