АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ – АҚШ ақпарат көздерінің мәліметіне қарағанда Вьетнам соғысы кезінде Милай
елді-мекенінде адамдарды жаппай өлтіруге қатысқан жалғыз кінәлі АҚШ-тың бұрыңғы
офицері өмірден өтті деп мәлімдейді. Уильям Келли 28 сәуірде 80 жасында қайтыс болды деп хабарлайды,- Washington Post пен New York Times оның қайтыс болу туралы
куәілігіне слтеме жасай отырып.
Келли 1968 жылы АҚШ
армиясының взвод командирі қызметінде жүріп Вьетнамның Сонми ауылында жүздеген
бейбіт тұрғындарды оның ішінде балалар мен әйелдерді аяусыз қырған деп
айыпталған.
1971 жылы 22 бейбіт
тұрғынды өлтіргені үшін өмір бақи қамада отыру жазасы кесілсе де президент
Ричард Никсонның бұйрығымен үш күннен кейін түрмеден босатып, үй қамағына
ауыстырған.
МАЙ ЛАЙ-дағы бейбіт тұрғындарды
аяусыз қырған әскери операция АҚШтың әскери тарихындағы еің үлкен қылмыстың
бірі саналады. Бұл қанды қырғында 500 –ден астам адам қаза болған деген
мәліметтер бар.
Қанды қырғынға қатысқан 28 сарбаздың
ішінен жалғыз Келли ғана сотталды. Алайда үш жыл үй қамақта отырған соң оның
жазасы жеңілдетілген.
Келли отбасын құрып, бір балалы болды. Алайда журналистерден қашқақтап
жүретін Келли өзінің Вьетнамдағы жасаған ісіне өмір бойына өкініп жүретінін
қалада өткен бюір жиында айтқан еді.