АСТАНА.23.05.2026.Munarmedia.kz – Израиль басшылығы Иранға қарсы әскери операцияны мүмкіндігінше тезірек қайта жандандыруды қолдап отыр. Алайда Тель-Авив Дональд Трамп ұстанымына көңілі толмайды. Бұл туралы CNN Израиль үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Телеарнаның мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху арасындағы соңғы телефон әңгімесі шиеленісті жағдайда өткен.
Израиль тарапы қазіргі үзіліс Иранның пайдасына жұмыс істеп жатыр деп есептейді. Ресми Тель-Авив Тегеран уақытты әскери және саяси тұрғыда тиімді пайдаланып қалуы мүмкін деген алаңдаушылық білдіруде.
Дереккөздердің айтуынша, Израиль ішінде әскери іс-қимылды қайта бастауға деген ниет әлі де күшті. Сонымен қатар премьер-министр Нетаньяху келіссөз нәтижесіне көңілі толмай қалғаны айтылды.
Сарапшылардың пікірінше, Вашингтон мен Тель-Авив арасындағы ұстаным айырмашылығы Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайға әсер етуі мүмкін. Қазіргі таңда өңірдегі ахуал халықаралық қауымдастықтың жіті бақылауында қалып отыр.
#Израиль #Иран #АҚШ #Трамп #Нетаньяху #CNN #ТаяуШығыс #Саясат #Munarmedia