Munarmedia.kz 29.09.2025 /Астана/ Алматыда футбол жанкүйерлері үшін тарихи күн жақындап келеді. 30 қыркүйекте Орталық стадионда «Қайрат» пен мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасы аясында алғаш рет ресми матч өткізеді. Кездесу елорда уақыты бойынша 21:45-те басталады.
Испаниялық гранд сапында Қазақстанға кімдер келеді?
«Реал Мадрид» клубы матчқа қатысатын футболшылар тізімін ресми жариялады. Қақпашылар қатарында:
-
Тибо Куртуа
-
Андрей Лунин
-
Хави Наварро
Қорғаныста ойнайтындар:
-
Давид Алаба
-
Рауль Асенсио
-
Альваро Каррерас
-
Фран Гарсия
-
Дин Хейсен
-
Давид Хименес
Орталық алаңда өнер көрсететіндер:
-
Джуд Беллингем
-
Эдуарду Камавинга
-
Федерико Вальверде
-
Орельен Чуамени
-
Арда Гюлер
-
Дани Себальос
Шабуыл шебінде:
-
Винисиус Жуниор
-
Килиан Мбаппе
-
Эндрик
-
Родриго
-
Гонсало Гарсия
-
Браим Диас
-
Франко Мастантуоно
«Реалдың» ұшуы мен Алматыға келуі
Футболшылар Испания уақыты бойынша 13:30-да Барахас әуежайынан ұшып шықты. Ұшу ұзақтығы — 8 сағат 20 минут. Жоспар бойынша ұшақ Алматыға түнгі 00:50-де қонады.
Айта кету керек, бұрын «Реал» Emirates әуекомпаниясының люкс Airbus A380 ұшағымен ұшатын. Қазір команда Iberia Airlines-пен әріптестік орнатқан. Бұл жолы да команда VIP-жабдықталған Airbus ұшағымен келеді — дәл осы бортпен жақында Валенсияға ұшып, «Леванте» командасын 4:1 есебімен жеңген болатын.
«Реал» сенім үдесінен шыға ала ма?
Алайда бұл жолы мадридтіктер оңтайлы көңіл күйде емес. Кеше ғана Хаби Алонсо жаттықтыратын команда маусымдағы алғашқы жеңілісін қабыл алды. Алтыншы тур аясында «Реал» «Метрополитано» стадионында «Атлетикоға» 5:2 есебімен ойсырай ұтылып, антирекорд орнатты.
Алматы — футбол орталығына айналды
«Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойынға билеттер жоғары сұранысқа ие болды. Бірақ жанкүйерлердің көңілін түсірген жайт — ең қымбат билеттер стадиондағы шектеулі көрініс аймағына (слепая зона) сатылған болып шықты. Бұл ұйымдастырушылар тарапынан кемшіліктердің бар екенін де байқатады.
Дегенмен, басты назар енді футболға ауды. Алматы төрінде Винисиус пен Мбаппе, Беллингем мен Чуамени, ал қазақстандық команда сапында жас дарындар мен тәжірибелі ойыншылар өзара шеберлік байқасады.
Мұндай матч — тек спорттық оқиға ғана емес, Қазақстан футболы үшін үлкен мүмкіндік пен халықаралық назар орталығы.
• Фото: «Тикетон»