Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Мейрамгүлдің «Байбесік» мейрамханасы Қояндыда ашылды

808


 

Атажұртқа ағылған қазақты Қазақстанда дайын ештеңе күтіп тұрмады. Тоқсаныншы жылғы тоқырау заманында жұмыссыздық жайлап, елдің бәрі сауда-саттық жасап, тіршілік етудің қамына кірісті. Бұл 70 жыл бойы мемлекеттен алақан жайып келген халық үшін үлкен сабақ болды.

Соның арқасында қазір бизнес деген сала ерекше дамып, оның ішінде орта және шағын бизнесті дамытуға мемлекет ерекше назар аударып келеді. Солардың қатарында жақында ғана Қоянды ауылындағы бұрыңғы «Санжар» атымен белгілі қазір «Байбесік» ғып өзгерткен мейрамханаға ас ішуге тоқтадық. Атауы қызықтырған соң ішіне кірсек кәдімгі қазақтың ұлттық түс киіздерін ілген, төрінде домбырасы ілулі көзге таныс, көңілге медеу дәмхананы көріп жүрегіміз жылыды. Қожайыны Мейрамгүл Адаққызы да Баян-Өлгейден көшіп келген, салт-дәстүрді білетін, саналы, ақкөңіл жан екені. Құдай-ау, сірнеден бастап, манты, қара кесектен қуырдақ дейсің бе? Бәрі бар.

Ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарды лезде әзірлеп беретін дәмханада қарынымыз тойған еріксіз домбырамен ән салдық. Азды-көпті отырған соң, дәмхана қожайыны Мейрамгүл Адақызын әңгімеге тарттық. Көрінген жерге тұмсығымызды тығып, жаңалық іздеп, тіміскіленіп отыратын әдетімді баса алмадым. Мейрамгүл әпкеміздің айтуынша «Ата ене баққан қайын жұртқа иіліп қызмет еткен, қара шаңырақтағы келінмін.

Төркін, жекжат, алыс жақын туысқанмен сыйласқан үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп, келін түсіріп немере сүйіп, екі ұл бір қыз тәрбиелеп отырған қазақы үлгілі семьяда өскен жанмын. Әкем Адақ 30 жыл ел басқарып, анам аспаз бола жүре өнерін әнін шырқап, дәмді тамағын жасап қонақ жайлылығымен елге үлгі болып, 8 бала өсірген жан.

Сол ата ана тәрбиесімен, қазақылық ұлттық құндылықты бойыма сіңіріп бар өнерімді паш етіп жүрмін.

Облыстармен жұмыс жасап қол өнер түрлерін және қазақтың ұлттық тамағын сонымен қоса қазақтың қара шаңырағы киіз үйін дәріптеп «Этно ауыл» ашып жаз айында еңбектенемін. Барлық аспапта ойнауды жақсы көремін. Спортпен шұғылданамын. Стольный теннис, волейбол ойнаймын. Мамандығым мәдени жұмыстарды ұйымдастырушы болған соң, өнер десе ішкен асымды жерге қоятын жанмын.

Монғолияның Баян-Өлгей аймағына қарасты Дэлүүн деген жерде туып өстім. Руым молқы. Тұлбада тұрдық. Мектеп кезінен өнерпаздар байқауына қатысып, аса белсенді, оқу озаты болған соң жасыма қарамастан үнемі еңбек етіп жүремін.

Ырза Тұрсынзада бастап ашқан «Бақытты Отбасы» орталығында шәкірттерге ұмыт қалып бара жатқан қол өнер, біз, кесте өнерін үйреттім.

Бала бақша, мектептерге, ата-аналар арасында қол өнерден шеберлік сағаттарын ұйымдастырдым. Өмірдің қиыншылықтарына қарамай алға талпынудамыз.

Алланың берген өнерін ұрпаққа дәріптеуге атсалысудамын.

Айнур Жүгінісова ханым бастаған «Қазақ аналары Дәстүрге жол» Қоғамдық бірлестігінің Петропавлоск Қызылжар қаласын жауаптанып біраз жұмыстар жасадық. Ұлттық киім кимешекті кестелеп дәріптеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Қазірде Қоянды ауылының әкімдігіне, мектеп басшыларына барып өзімнің көмегімді, тың ойларымды ұсынып жүрмін. Жазғы уақытта мейрамхана алдына кіиз үй тігіп, қымыз -қымыран, шұбат т.б қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеуді және сыртта түрлі балаларға, жастарға арналған кештер, әдеби-мәдени сауықтар өткізуді жоспарлап отырмын. Өздеріңізде түрлі зиялы қауымның бас қосулары болса келіп өткізіңіздер» деді Мейрамгүл Адаққызы.

Мейрамгүл әпкеміздің елге болсын деп тек табысты көздемей, Қояндының мәдени, рухани өміріне атсалысқысы келетін құлшынысына риза болдық.

Тіл үйірер дәмді тағамынан ауыз тиіп, батамызды беріп осындай елім, жерім деп, бойымдағы бар өнеріммен бөлісейін, көмектесейін деп тұрған әпкемізді ауыл, аудан басшылары, ауыл халқы қолдап жұмыс жасаса қандай керемет болар еді деп ой түйдік.

Мейрамгүл апамыздың ұлттық дәстүрде нақышталған дәмханасы болашақта отыз мыңнан астам тұрғыны бар, кезінде «Қоянды жәрмеңкесі» мен аты шыққан аяулы мекеннің рухани орталығына айналар деп үміттенеміз.

 

Асылбек Байжұмаұлы

Астана -Қоянды.