Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Тұрды Төлекенұлы- тарихи бағасын ала алмаған тұлға

150


 

Монғолияда туып-өскен ағайындардың барлығы қым-қуыт, қиын тағдырды басынан өткізген халық. Сонау 1920 жылдан бастап, большевиктер келгеннен бұрын да, кейін де қазақтың басынан не өтпеді. Осындай қилы заманда халқын аман сақтап қалғысы келіп, әрекет жасаған есіл ерлер қаншама? Соның бірі бүгіңгі күнге дейін тарихшылар тарапынан қиянатқа ұшырап, әділ бағасын ала алмай жүрген тұлға Төлекенұлы Тұрды. Абақ Керейдің Бақатынан тарайтын сүйіндік текті Тұрды Төлекенұлы туралы жазғанда, Өлгейдің жазушы, ақындары, тарихшылары неге аз ғана мәлімет береді.

Алты жыл уақытын қазақтың қамы үшін Шеруші хошуунын басқарып, жанын құрбан еткен адамға жасалған қиянат емес пе? Баян-Өлгейдегі рулық өзара талас тартыстың құрбаны болып, жалған тарих жазып, жоқты бар, барды жоқ ғып жазушылардың кесірінен өскелең ұрпақ өзінің шынайы тарихын білмей кете ме? деп қорқам.

 Төлекенұлы Тұрды, Баян Өлгей аймағы орнамай тұрғанда Шеруші хошууны ең алғаш құрылғанын білесіздер. Тұрдыға дейін бірнеше қоғам қайраткерлері басқарды.

1940 жылы дербес әкімшілік бірлік Баян-Өлгей аймағы орнағанға дейін Қызылқайың өлкесі Қобда беттегі қазақтардың тұңғыш әкімшілік, саяси, мәдени орталығы болды. Қызылқайыңда тұңғыш қазақ мектебі, қызыл отау (қазіргі қазақ музыкалды драма театрының бастауы), кеден, өндіріс орындары бой көтерді. Ұланқұс сұмыны алғаш 1922 жылы қазіргі орталығында Шеруші қошуыны (қошуын – хошуун – мәнжі билігі тұсындағы аудан дәрежесіндегі әкімшілік құрылмы) болып орнапты. Ол уақытта орталық аты – Ақбалшық деп аталыпты. Олай аталатын себебі – сыртын ақпен боялған орыс көпесі Иванның сауда лавкасын ел солай атапты. Ол кезде әкімшілік атауы – ру атымен аталыпты.

Осылайша 1922 жылы Моңғолия қазақтарының алғашқы әкімшілік басқару орталығы Шеруші хошууны дүниеге келіп, іргетасы Ақбалшықта қаланды.

 

1932 жылы Шеруші хошуунының тізгінін Төлекенұлы тұрды қолына алды. 1934 жылыҮІІ -сьезге делегатқа сайланып барып, сол сьезден Кіші Құрылтай мүшесіне сайланған. Бұл сьезде Ботақарадан Ташкен, Базарқұлдан Оразбек, Молқыдан Дөнтай ағалар болған екен.

Сол мінберден Тұрды өкімет басшысы Гэндэннен қазақтарға қатаң мінез көрсетпей, ұлттық ерекшелігімен санаса қатынасуын өтінген. Олар Тұрдының бүл тілегін қабылдап, Үкімет басшысы Гэндэн мен ішкі істер министрі Амар Шеріші хошуунына ат басын тіреп, он күн жатып, қазақтың салт-санасымен, тұрмыс тіршілігмен етене танысқан.  

 Тұрды Гэндэн мен Амардан «Қазақстарды жеке аймақ болғызып құру, азаматтарға паспорт беру және әр отбасыға 20 мың төгрөг қаржылай көмек» сұраған екен.

Тұрды 1936 жылы Шеруші хошуунынан алғаш рет "Еңбек қызыл ту" орденімен мараптталды. 1931 жылдарынан бастап"Алтайға ел үрке көшкенде «Алтайға барып аш қазақ болғанша, май етек жалғыз боламын"- деп елде қалып, көп қазақты үгіттеген екен.

Алтайға үдере көшкендер қытайдың қысымшылығына ұшырап, ашаршылық көріп, азып-тозып қашып келгенде Тұрдыны тыңдап көшпеген ел шалқып өміро сүріп отырған екен. Мұны көрген ақсақлдар Тұрдыны "Неткен табанды, дүниені ерте болжаған, мықты адам екен деп таңқалысыпты.  Ұланқұсында киіз үй тігіп алғашқы мектепті ашқызып, Қосағаштан құрылысшы алдырып қазіргі ескі мектептің іргетасын қалап мәдени ошақ құрғызған қайраткер.

Кейін Гэндэн, Амарлармен кездескені өзіне бәле болып жабысып, жапон тыңшысы, қазақтардың басқыншы жапондар жағына шығуға үгіттеді деген жалған жаламен Тұрды атамызды 1938 жылы Ховда аймағында 7- айда атқан екен. Бірақ Монғолияның Үкімет орындары сол кездері Тұрдыны аурудан түрмеде қайтыс болды деп өтірік мәлімет берген.

Бүгіңгі таңда Ұланқұсында жаңадан салынған мәдениет үйіне Төлекенұлы Тұрдының есімін беруге әбден лайық деп есептеймін. Баян-Өлгей аймағының бұрыңғы басшылары Камалият, Қабыл Шәкейлерге Тұрды ұрпағының атынан ерекше алғысымызды білдіреміз.

Тұрды ұрпағының ішінде оның ұлы Бұрқан Тұрдыұлының алғашқы партия мектебін бітіріп, өлгей қаласын басқарған азаматтар қатарында болғанын, Құрылыс министрлігінң тапсырмасымен қазіргі Өлгейдегі ең ұзын антеннтді чех құрылысшыларын бақсар отырып салғызған тұлға екенін ешкім айтпайды. Жазбайды. Бұрқанның алғашқы Қобда қаласында құрылған атты әскер полкінің офицері, капитан шеңінде қызмет еткенін біреу білсе, біреу білмес. Өлгей тарихын жазғыштар Тұрдыны екі сөзбен ғана айтып, Бұрқанды мүлдем еске алмайтындарға таң қалмын. Әрине уақыт төреші. Әділдік қашан да орнайды. Өтірік тарих жазушылардың орнынан Монғол қазақтарының орналасу тарихын шынайы зерттейтін нағыз ғалым жастарымыз келеді. Олар кем-кетігін түгендейді деген бек сенімдімін.


Бұрқанның жұбайы Нәсір апамыздың да елге танымал шебер адам болғанын ел біледі. Өкінішке орай, республикалық, халықаралық көрмелерде ол апамыздың тіккен түскиіздері мен түрлі қло өнер шеберлігінен шыққан бұйымдары қазір қайда екені белгісіз. Барлығы аймақтық музейде тұратын. Аймақтың құрылдың шешімімен Ұланқұсында бір көше және Баян-Өлгей аймағында бір көше атауын бергізді. Дегенмен ұлтының болашағы, мемлекеттің жарқын болашағы үшін жанын пида еткен тұғырлы тұлға Төлекен ұлы Тұрды үшін бұл аз.

Ұланқұсында немесе Өлгей қаласының орталығында мемлекет қаражатымен Тұрды атамызға және 4 мыңнан аса нәубет құрбаны бьолып, жазықсыз жапа шеккен жерлестерімізге тиісті құрмет көрсетіп, алып ескерткіш орнататын уақыт жетті.

Осыны қазіргі Баян -Өлгей аймағының әкімі Заңғар мырза назарға алса екен дейміз. Һткен жылы Монғолияға барғанда Монғолияның мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, шежіреші, тарихшы Зарыққан Бағлатұлы жазған «ТҰғырлы тұлға Төлекенұлы Тұрды» деген кітабын аймақтық музейге табыстап едік.

Өкінішке орай, аймақ музейінде Тұрдының алақандай суретінен басқа дым да жоқ екен. Арнайы бұрыш жасап, ауқымды ақпараттар салып, Тұрды туралы әр жерлерде аз-мұз болса да шыққан ақпараттардың үзінді, қиындыларынан адам көретін бұрыш жасай алмағандарына таң қалдық.

Әлі де болса орнында бар оңалар дегендей аймақ басшылығы менг Монғол Үкіметі ел үшін сіңірген ерең еңбегін бағалап, Тұрды атамыз туралы ауқымды «құпия» істердің бетін ашып жариялап, тиісті деңгейде құрмет көрсетеді деген сенімдемін.

 

Асылбек Байжұмаұлы