📍 АҚШ / 15 сәуір 2025 ж. – Munarmedia ақпарат агенттігі.
АҚШ Президенті Дональд Трамп өз есімімен аталған гольф-клуб аумағында өзі үшін арнайы ескерткіш орнатты. Монументке «Қарсылықтың символы» деген атау берілген.
🗿 Мүсін Трамптың досы әрі кәсіпкер Энтони Константиноның сыйлығы. Оның айтуынша, Трамп монументті алғаш көргенде ерекше қуанышқа бөленіп, «мақтаныштан жарқырап кетті».
🗣️ «Президент әзілдесіп, балаша қуанды. Мұны көрудің өзі ләззат сыйлады», – дейді Константино.
Монументтің сипаттамасы:
-
Трамп тас тұғырда бейнеленген;
-
Оның қолын көтеріп, жұдырығын түйіп тұрған қалпы – бұл 2024 жылдың шілдесіндегі оған жасалған қастандық кезіндегі әйгілі позасына сілтеме;
-
Ескерткіштің тұғырында Энтони Константиноның есімі ойылып жазылған.
АҚШ президентінің бұл әрекеті қоғамда қызу пікірталас тудырды. Бірі мұны артық мақтан көрсе, екіншісі батырлық пен ерік-жігердің белгісі деп қабылдады.
📸 Фото: Ашық дереккөздер