Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Моңғолияда дәстүрлі жазуға көшу туралы ресми құжаттарына жаңа ереже енгізілді

788


2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Моңғолияда мемлекеттік және жергілікті басқару органдары құжаттарды тек кириллицамен емес, дәстүрлі моңғол жазуымен де рәсімдеуге міндеттелді. Бұл өзгеріс 2015 жылы қабылданған «Мемлекеттік моңғол тілі туралы» заң аясында жүзеге асуда.

Барлық ұйымдар мен мекемелердің атаулары мен мекенжайлары дәстүрлі жазумен қатар кириллицада да жазылуы тиіс.

Ресми қызметтік карталар мен визиткалар екі нұсқада – кириллица және дәстүрлі моңғол жазуымен жасалады.

Енді Моңғолияда басылып шығатын кітаптардың кемінде 40%-ы дәстүрлі жазумен қатар шығарылады.

Дәстүрлі жазуды қолдануды жеңілдету үшін арнайы пернетақта стандарты енгізілді.

Оқушылар мен студенттерге дәстүрлі моңғол жазуын үйрету жалғасып, оқу бағдарламаларына бейімделген жаңа оқыту әдістері енгізілуде.

Бұл бастама моңғол тілінің тарихи тамырын сақтап, оның болашақ ұрпаққа таза күйінде жетуін қамтамасыз етуге бағытталған.