. Палеонтологиялық талдау көрсеткендей, бұл жануар тышқанға ұқсас, өсімдікпен қоректенген шағын сүтқоректі болып шықты. Бірақ осы тұқымдастардың кейбір туыстары жыртқыш немесе жәндіктермен қоректенетін болған.
Бұл жаңа, бұрын белгісіз болған сүтқоректілер түрі шамамен 90 миллион жыл бұрын тіршілік еткен және динозаврлармен қатар өмір сүрген. Табылған қазба қалдықтары алғаш рет Монғолияда тіркелді.
Бұл жануар "Ravjaa ishii" (Равжаа иший) деп аталды. Бұрын бұл түрдің қазба қалдықтары Еуропа, Азия, Африка және Солтүстік Америкада табылғанымен, Монғолиядағы бұл ашылу ерекше жаңалық болып табылады. Қазба қалдықтары Дорноговь аймағындағы Баянширээ тауларынан табылды.
Бұл табылыс меловой кезеңдегі сүтқоректілердің мінез-құлқын, климатын және географиялық таралуын жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жануардың тістерін зерттеу нәтижесінде "Равжаа" тышқанға ұқсас, өсімдікпен қоректеніп, тамағын шайнап жейтін шағын сүтқоректі болғандығы анықталды. Алайда осы тұқымдастардың кейбір туыстары жыртқыш немесе жәндіктермен қоректенетін болған.
Бұл ашылу Монғолия Ғылым академиясының палеонтология институты мен Жапонияның Окаяма ғылым университетінің бірлескен зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. Зерттеуге монғол ғалымдары, доктор Цогтбаатар Хишигжав және Майнбаяр Буувэй қатысқан.