Munarmedia.kz 24.06.2025 /Астана/-Таяу Шығыстағы кезекті әскери шиеленіс әлемдік нарыққа бірден әсер етіп, мұнай бағасының қымбаттауына алып келді. Иран мен Израиль арасындағы ықтимал қақтығыстың Қазақстан экономикасына қалай ықпал етуі мүмкін екенін талдап көрді.
Сұлтанов атап өткендей, ең алғашқы және айқын әсер – бұл мұнайдың күрт қымбаттауы. Бір қарағанда, бұл Қазақстан үшін пайдалы болуы тиіс еді. Алайда, бәрі де оңай емес. Мұндай «мұнай шокы» жаһандық экономикалық баяулауға себеп болуы мүмкін.
— Oxford Economics сарапшыларының айтуынша, ең нашар сценарийде мұнай бағасы барреліне 130 долларға дейін шарықтауы ықтимал (осындай болжамды JPMorgan да ұсынады). Бұл өз кезегінде жаһандық ЖІӨ-нің 0,8 пайызға дейін қысқаруына алып келуі мүмкін, — дейді Сұлтанов.
Сонымен қатар, жуырда сарапшы Андрей Чеботарёв мұнайдың қымбаттауы ұлттық валютаның қысқа мерзімде нығаятыны туралы кең тараған мифті жоққа шығарды.
Тағы бір маңызды қауіп — Ормуз бұғазының ішінара немесе толық жабылуы. Бұл мұнай тасымалы үшін стратегиялық маңызы бар теңіз өткелі Иранның бақылауында. Егер бұғаз жабылса, нарықта мұнай тапшылығы күрт туындайды.
Баға тым жоғары көтерілсе, АҚШ-та инфляция деңгейі 4–5 пайызға дейін өсуі мүмкін. Ал бұл – дамушы елдердің валютасы мен қор нарықтары үшін қосымша тәуекелдерге жол ашады. Олардың қатарында Қазақстан да бар.
Фото: Envato Elements