Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

НАТО бас хатшысы Марк Рютте: ЕО елдері 4-5 жылда орыс тілін үйренуге тура келеді

68


НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте Брюссельдегі Еуропарламентте сөйлеген сөзінде Еуропалық Одақ елдеріне ескерту жасады. Ол ЕО елдері қорғаныс қажеттіліктеріне қазіргі 2% ЖІӨ деңгейінен әлдеқайда көп қаражат бөлмесе, 4-5 жыл ішінде орыс тілін үйренуге тура келетінін айтты.

– Егер біз мұны жасамасақ, 4-5 жылдан кейін орыс тілі курстарына баруымызға немесе Жаңа Зеландияға көшуімізге тура келеді, – деді ол.

Рюттенің бұл мәлімдемесі Еуропа елдерін қорғаныс шығындарын арттыруға және НАТО-ның ұжымдық қауіпсіздік стратегиясын қолдауға шақыру аясында жасалды.