Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкімет жанындағы Технологиялық саясат кеңесін тарату туралы өкімге қол қойды. Бұл орган 2022 жылғы 20 сәуірде мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылған болатын.
Құжатқа сәйкес, Кеңестің жұмысына қатысты бірқатар өкімдердің күші жойылды деп танылды.
📸 Сурет: Ашық дереккөздер.