Никол Пашинян Астанаға келмейді

36

АСТАНА. 12.05.2026. Munarmedia.kz – Никол Пашинян 28-29 мамыр күндері Астана қаласында өтетін Еуразиялық экономикалық одақ саммитіне қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Армения үкіметі басшысының айтуынша, оның саммитке бармауына елдегі сайлауалды науқан себеп болған.

Никол Пашинян өзінің саммитке қатыса алмайтыны жөнінде Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаевке хабар берген.

Армения атынан саммитке елдің вице-премьері Мгер Григорян қатысады.

Бұған дейін Владимир Путин алдағы ЕАЭО саммитінде Арменияның Еуропалық одақ мүшелігіне қатысты жоспарларын талқылауды ұсынған болатын.

Ал Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков армян билігі бір мезетте әрі ЕАЭО-мен, әрі Еуроодақпен байланысын сақтауға тырысып отырғанын айтқан. Мәскеу бұл жағдай екіжақты қатынастарды күрделендіруі мүмкін деп есептейді.