Кеше елордада Нұр-Мүбәрәк ислам
мәдениеті университетінің бастамасымен «Бақытты болашақ-білім мен бірілкте»
атты рухани кеш ұйымдастырды. Кешке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
өкілдері, кәсіпкерлер мен елге танымал азаматтар қатысты. Университеттің
проректоры Ершат Оңғар сөз алып, еліміздегі дін жанашырларын Алматыда салынып
жатқан Нұр-Мүбәрак университетінің жаңа корпусына қаржылай көмек көрсетуге
шақырды. Мұндай шара жақында оңтүстік, батыс өңірлерде өткізіліпті. Рухани
кеште Ислам дінінің құндылықтары туралы әңгімелер айтылды. Жалпы Нұр-Мүбарак
ислам мәдениет университеті 2001 жылы Түркия мен Қазақстан президенттерінің
өзара келісімі негізінде құрылған. Ректоры Мухаммад аш-Шаххат
Абдулхамид Мухаммад әл-Жинди,
проректоры Ершат Оңғар.
Қазіргі таңда университетте 4 факультет,4 кафедра, коммерциялық даму орталығы, Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу
орталығы және Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау
институты жұмыс істейді. Сонымен қатар Бакалавриатта – 4 ,
магистратурада –2, докторантурада – 2 білім беру бағдарламасы бар. Университеттің
инфрақұрылымын: 2 оқу ғимараты, 2 жатақхана, үлкен және кіші акт залдары,
ғылыми кітапхана, 2 оқу-ғылыми орталық, оқу-әдістемелік
мешіт, асхана, тренажер залы мен медпункт кіреді. Дәріс беретін барлық 105
оқытушының 62-сі ғылыми дәрежелі, 7-уі доктор, 35-і PhD доктор және 20-сы ғылым
кандитаттары яғни 59,4% ғылыми дәрежелі. Магистрлер – 43. Қазақстан тарапынан
87 штаттық оқытушы қызмет атқарады. Египет тарапынан 18
оқытушы дәріс береді, 18 ғылым докторлары.
Университте қазірдің өзінде шамамаен 2 мыңнан астам студенті білім алдуда.
Университет ислам мәдениеті мен құндылықтары ғана емес зайырлы мамандықтарды да
оқытады.
Алайда күннен-күнге
университетке түсетін талапкерлердің көбеюі салдарынан қазірдің өзінде оқу
залдары мен жатақхананың тапшылғы сезілуде.
Еліміздегі
меценаттардың қолдауымен жаңа ғимарат бойы көтерсе де қаржы тапшылығы
салдарынан тоқтап қалған. Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы уақыт күттірмейтін
игі іске атсалысуға шақырып отыр. Қалтаға түскен азын-аулақ артық қаржыңызды
түкке тұрғысыз ойын, тойғ ашашқанша мыңдаған баланың білім алуына үлес қосуға
бізде шақырамыз.
Түрлі радикалды діни
ағымдар пайда болып, елдің есін шығарып жатқанда дәстүрлі дінімізді
насихаттайтын, ғылыми тұрғыдан үйретуге атсалысып жатқан білім ордасының бойы
көтеруіне еліміздегі кәсіпкерлер мен қарапайым халықты шақырамыз. Алланың
сауабынан құр қалмаңыздар. Бергеніңіз еселеп қайтсын. Осы мақсатта «Нұр-Мүбарак»
қоры да құрылған. Қаражатты төменде көрсетілген есеп-шотқа аударуға болады:
«Kaspi Bank»
КБе: 18
БИК: CASPKZKA
IBAN:
KZ44722S0000030155477
Мекен жайы: «Nur-mubarak Qory»
Алматы қаласы,
Әл-Фараби көшесі 73.
БИН: 230840000649