Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ескі Қазақстан банктерді құтқару үшін Ұлттық қорды құрбан еткен..

32



Ұлттық қор банктерге көмек көрсету кезінде 2 триллион теңге шығынға ұшыраған. Бұл туралы жаңа ғана Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2000 жылдардың ортасынан бастап мемлекет банктердің қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін олардың облигацияларын сатып алған. Бірақ бұл облигациялар өте төмен мөлшерлемемен – 1-3% деңгейінде шығарылған. Жалпы құны 3 триллион теңгеден асқанымен, бүгінгі күні олардың нарықтық құны 1,1 триллион теңгеге ғана тең. Яғни, мемлекет бұл облигацияларды нарық бағасынан әлдеқайда қымбатқа алған.

Экономикалық тұрғыда бұл – қаржы ресурстарын дұрыс басқармаудың айқын мысалы. Банктер жеке сектордың өкілі ретінде тәуекелдерін өздері басқаруы тиіс еді. Мемлекеттің қаржы ресурсын нарықтық емес шарттарға жұмсау халықтың есебінен жасалған әділетсіздік.

2022 жылы қорды басқару ережелеріне өзгерістер енгізілді: енді қаражат тек орташа инфляция деңгейіне (10-12%) сай келетін құралдарға салынуы керек. Бұл дұрыс қадам болғанымен, кеш жасалған қадам. Себебі, 2 триллион теңге қайтарылмайтын шығын.

Банктерді құтқаруға жұмсалған қаржы халықтың болашағын ұрлады десек, артық айтқандық емес.



Ақша менталитеті анықтамасы: Егер бұл облигациялар нарықтық шарттармен шығарылған болса, олардың мөлшерлемесі жоғары болар еді (мысалы, 10-12%), және мемлекет бұл облигациялардан көбірек пайда көрер еді. Бірақ төмен мөлшерлеме бекітілгендіктен, мемлекет банктерден ешқандай пайда көрмей, керісінше, шығынға ұшырады.

Мысал: Егер мемлекет банктерден 3 трлн теңгенің облигациясын 1%-бен сатып алған болса, жыл сайын бұл инвестициядан небәрі 30 млрд теңге табыс түскен. Ал нарықтық мөлшерлемемен (мысалы, 10%) сатып алған жағдайда, мемлекет жылына

💰

 300 млрд теңге табыс табар еді. Осы айырмашылық сіз бен біз үшін шығын.