Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Сирияның солтүстігінде азат етілген аймақтағы революциялық күштер Асад режиміне, «Хезболлаға» және Иранға қарсы шабуыл бастады.

33


Операцияның мақсаты – мыңдаған адамды үйлерінен кетуге мәжбүрлеген шабуылдарды тоқтату. Бұл қадам Ариха қаласындағы мектепке жасалған шабуылдан кейін жүзеге асырылды. Ол шабуылда үш бала қаза тауып, 14 бейбіт тұрғын жараланған болатын.

Соңғы айларда Асад режимі мен оның одақтастары көптеген шабуылдар жасап, 70 мыңнан астам бейбіт тұрғынды үйлерінен кетуге мәжбүр етті.

Әскери штаб өкілі Хасан Абдулғани былай деді:

«Азат етілген аудандардың тұрғындарын қорғау – бұл таңдау емес, парыз. Біздің басты мақсатымыз – босқындарды өз үйлеріне қайтару. Біз осы мақсатқа жету үшін барлық күш-жігерімізді саламыз».

 Қақтығыстар Алеппоның батыс бөлігінде басталды. Бүгін таңертең ол жерде артиллериялық шабуылдар тіркелді.

«Хайят Тахрир аш-Шам» қозғалысына жақын БАҚ көздері операцияның қорғаныс сипатында екенін, оның Асад режимі мен оның одақтастарының шабуылдарынан халықты қорғауға бағытталғанын растады.

Асад әскері бұл шабуылдарға жауап ретінде Алеппо провинциясындағы Дарат Иззе қаласын атқылаған. Сондай-ақ, Идлиб провинциясы үстінде әскери ұшақтар байқалды