Хатимолла
Жәңгірұлы Бердіғалиев
– болмысы бөлек талант иесі, тарланбоз әнші, айтулы ақын. Хатимолла дәстүрлі
әндермен қатар, ансамбльге, оркестрге қосылып ән-романс, ариялар орындап жүр.
Әсіресе, Батыс Қазақстан өңірінің
әншілік дәстүрінен, соның ішінде, Мұхит, Ғарифолла сынды ұлы тұлғаларымыздың
өнерпаздық мектебінен тәлім алған айтулы әншінің сол ғажайып өнер үрдісінің
лайықты жалғастырушысы, жанашыр насихатшысы ретінде өзіндік қайталанбас өрнегін
халқымыз ерекше бағалайды. Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, республикаға белгілі
өнер саңлағы, әнші-термеші Хатимолла Бердіғалиев бұйыртса, мерейлі жетпіс жасқа
толғалы отыр.
Тума талант иесі, Ақ Жайықтың ғана емес, қазақтың Хатимолласы атанған ардақты ағамызбен ұлылардың ордасы Ұлытаудың төрінде республикалық IV-Тайжан Қалмағамбетовке арналған ән кешінде кездесіп дидарласқан едік.
Армысыз, Хатимолла Жәңгірұлы! Ұлытауға қош келдіңіз. Хатимоллла
Жәңгірұлы, жалпы өнерге қашан, қалай келдіңіз?
Иа, мен өнерге деген қызығушылығым 5-6 жасымда оянды. Он екі жасымда атам
радио алып берді.Сол радиодан қазақ әншілерін тыңдадп, өнерге, ұлттық
мәдениетке оның ішінде төбесі биік дәстүрлі әнге деген қызығушылығым күшейе
түсті.
Қазақ әншілерінің барлығын
тыңдадым. Дегенмен осы әншілердің ішінде Ғарифолла Құрманғалиевты көп
тыңдадым.1969 жылы өнер училищесіне оқуға түстім. Ол кезде дәстүрлі ән деген
бөлім мүлде жоқ. Вокал тобына оқуға түстім.
Осы мамандықты бітіріп шықсам да қазақ әншілерінің күйтабақтарын іздеп
тауып, басыма жастанып жатып тыңдадым десем де болар. Оқуымды бітіріп,
филармонияға қалуды өтінгенмен ауылға Казталовкаға кеттім. Атам өмірден өтіп,
отбасыма көмектескім келді.
Ауылда жеті жыл мектепте ән
пәнінен сабақ бердім, кейіннен мәдениет саласына келдім. 1991 жылдары облыста дәстүрлі
ән бөлімі ашылды. Шақырған соң барып 18 жыл үздіксіз ұстаздық еттім.
Ақыры бара алмай кеткен филармонияға барып қызмет істедім. Әлі де шақырып жатса баруға әзірмін.
Жалпы аға, Тайжан ақынның республикалық байқауын өткізу
идеясы қайдан келді? Кім бастамашы болды?
Осыдан төрт жыл бұрын ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамедин Тайжан
ақынның республикалық байқауын өткізу туралы ұсыныс тастады. Сонымен Ғалымның
бастамасымен Тайжан ақынның шығармашылығымен таныстым.
Жан-жақтан, еліміздің түкпір-түкіпірінен әншілер келді. Қатысқандар өз
жерлеріне барып, байқау туралы айтқан болу керек, Тайжан ақынның әндерін
орындаушылардың республикалық байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп, байқаудың
беделі арта түсті. Әрине бұл еңбегі үшін Ғалым Мұхамединге айтар алғысым
шексіз.
Батыстық мәдениет пен руханият саласына әсері мен
дәстүрлі әнге деген жастардың қызығушылығы азайды ағаларымыз ренжіп жататын.
Қазіргі қазақ өнерінің оның ішінде дәстүрлі ән саласының бүгіңгі дамуы туралы
не айтар едіңіз?
Расында бір кездері қолдарына домбыра ұстап, ән салудан ұялатын заман
болды. Құдайға шүкір, қазіргі таңда жастардың қазақтың дәстүрлі ән өнеріне
деген қызығушылығы артып келеді. Мұның бір дәлелі осы Тайжан ақын байқауы.
Қатысушылардың басым бөлігі
жастар. Қазір музыка мектептерінде, коллеждер мен өнер университеттерінде,
консерваторияда дәстүрлі ән бөлімдер бар. Өз ойымша тыңдаушыларымыз түзеліп,
қазақтың осы бір теңдессіз хас өнерін сыйлай білсе деп ойлаймын.
Қазақтың дәстүрлі ән өнердің алтын діңгегі, ой да, саз да, сөздің мәйегі
де, қисында бар. Қазір өкінішке орай, ұлы ақындардың алтын сөздерін жеңіл
әуенге салып алып эстрадамен орындайды.
Тіпті дәстүрлі әнді де эстрадаға салып алып, өте ойнақы етіп, сөздің
мән-мағынасын құртып жібереді. Өзім тойға барғанда қатты шаршап қайтам.
Даңғырлаған музыка, ойламсыз сөздер, мазмүны мен мәнсіз әндер адамныің
жүйкесіне қатты әсер етеді.
Ал енді тыңдаушыларымызды дәстүрлі әнге тәрбиелеудің басты қайнар көзі
радио. Бұл жағынан Шалқар және Қазақ радиолары арқылы кеңнен насихаттауға
болады. Өкінішке орай, соңғы уақыттарда Қазақ радиосында да мардымды көңіл
көңшітерлік бағдарламалар жүргізілмей тұр.
Шалқар радиосына да бұл сала бойынша жұмысын жандандыру керек сияқты. Мен
әлі күнге дейін радиомды алып жүрем. Біздің Ұлытауда радио желесі өте нашар
ұстайды. Қаншама қазақтың өнер майталмандары өмірге келген өлке үшін ұят
жағдай.
Қаражат бөліп, радио желі сатып алып, желіге таратса құба-құп болар еді.
Хатимолла аға әңгімеңізге рахмет. Аман болыңыз.
Сұқбаттастан: Асылбек Байжұмаұлы.