Орталық Азия оқушылары халықаралық физика олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті

75

Munarmedia.kz 20.07.2026. АСТАНА. Колумбияның Букараманга қаласында өткен физика пәнінен 56-шы халықаралық олимпиадада (IPhO-2026) Орталық Азия елдерінің оқушылары алтын, күміс және қола медальдарға ие болып, өңірдің білім беру әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Биылғы білім додасына әлемнің 90-нан астам елінен үздік жас физиктер қатысты. Олимпиада теориялық және тәжірибелік кезеңдерден тұрды.

Қазақстан құрамасы жарыста үздік нәтиже көрсетті. Ел намысын қорғаған бес оқушының барлығы алтын медаль жеңіп алды. Олар – Нұргүл Егенбергенова, Әмірбек Азатбеков, Ілияс Қазымбек, Роман Черемнов және Дамир Құрман.

Өзбекстан құрамасы екі күміс және екі қола медаль иеленді. Жүлдегерлер қатарында Асилбек Жұманазаров, Мұхаммад Абдумаликов, Элбек Уроков, Хасан Камолов және Жавохир Акназаров бар.

Ал Тәжікстан құрамасынан Душанбе қаласындағы Тәжік-ресей лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Мұхаммадёсин Мамуров қола медальға қол жеткізді.

Халықаралық олимпиада барысында қатысушылар физика пәні бойынша күрделі теориялық есептерді шешіп, зертханалық тәжірибелер орындады. Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия елдері оқушыларының жетістігі өңірдегі жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

#MunarMedia #Астана #Қазақстан #Өзбекстан #Тәжікстан #IPhO2026 #Физика #Олимпиада #Білім #ОрталықАзия