Өзбекстан билігі Самарқандта өтетін Халықаралық астронавтика конгресіне әлемдік технология алпауыттарын шақыруға ниетті.

8

Munarmedia.kz 25.02.2026 /Астана/ - Бұл туралы O’zbekiston 24 телеарнасының эфирінде Өзбекстан Ғарыштық зерттеулер және технологиялар агенттігі директорының орынбасары Мухиддин Ибрагимов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұйымдастырушылар миллиардер, Илон Маск-ты конгреске шақыруға тырысады. Сонымен қатар шақырту Джефф Безос пен ғарыш индустриясының өзге де жетекші өкілдеріне жолданбақ.

Узбеккосмос мәліметінше, бұған дейін Сиднейде өткен конгресс Австралия экономикасына шамамен 27 млн доллар кіріс әкелген.

Самарқанд қаласында 2028 жылы өтетін Халықаралық астронавтика федерациясы ұйымдастыратын Халықаралық астронавтика конгресі үшін талас жоғары болған. Форумды өткізу құқығына Бахрейн мен Үндістан да үміткер болған.

Image

Өзбекстан тарапы форум туризмнің, қызмет көрсету саласының және бизнестің дамуына серпін береді деп күтуде. Сонымен қатар шара жастардың ғылым мен ғарыш саласына қызығушылығын арттыруға ықпал етеді деген үміт бар.

Image

Ауқымды шараға 10 мыңнан астам қонақ жиналады деп жоспарланып отыр. «Узбеккосмос» өкілдері форумға дайындықты «үлкен сын-қатер» деп бағалап отыр.

Сарапшылардың пікірінше, Самарқандтағы конгресс Орталық Азияның ғарыш саласындағы әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік бермек.