Төрткүл дүние көз тіккен, тағатсыздана күткен төртжылдықтың байрақты бәсекесінің ашылуы салтанаты әркез сән-салтанатымен өтеді ғой.
Әлемнің әр түкпірінен келген дедегаттар байрақтарын ойната желбіретіп өтіп жатты. Ақыры Қазақстан спортшылары жүзіп өткен кемені де көрдік.
Спорттың нақ маманы болмасақ та, Олимпиаданы асығып күтеміз! Қазақтың көк туын жеңіс тұғырынан көп көрейік! Сайыс барысында да сан мәрте туымыз биік тұғырда тұрсын! Токиода алынбаған алтын Парижде қоржынымызда жатсын!
Өз спортшыларымызға, өз елімізге жанкүйер болып, тақым қысамыз! Құдай абырой берсін!