Munarmedia.kz 18.04.2026 /Astana/ – Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде атыс болып, бір әскери қызметші қаза тауып, тағы бірі жарақат алды.
Полиция мәліметінше, оқиға келісімшарт негізінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің қатысуымен болған. Олардың бірі бекітілген қарудан оқ атқан. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмып, екінші әскери қызметші жараланған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, келісімшарттағы әскери қызметші бекітілген қарудан оқ атқан. Нәтижесінде өзі оқиға орнында қаза тауып, тағы бір әскери қызметші жарақат алды», – деп хабарлады Қазақстан Ішкі істер министрлігі.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2001 жылы туған зардап шегуші Павлодар қалалық №1 ауруханасы жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.
Аталған факті бойынша қылмыстық істер қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
#Павлодар #оқиға #әскер #ІІМ #Қазақстан