Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Пентагонның бұрынғы кеңесшісі НАТО-ны «тірі өлік» деп атады

69




MunarMedia.kz, 28.05.2025 жыл /Астана/-Пентагонның бұрынғы кеңесшісі Дуглас МакГрегор Еуропалық Одақтың қазіргі билік құрылымын өзгерту тек халық көтерілісі арқылы ғана мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желі арқылы жариялаған үндеуінде айтты.

«НАТО – бұл жүріп тұрған өлік. Ал Еуроодақ қазіргі таңда ыдырау процесінде тұр. Еуропаның түрлі елдерінің халқы жаһандық элиталар мен Брюссельдегі шенеуніктердің бақылауында болғысы келмейді. Қазір басты мәселе – осы топтардан арылу. Бұл жүйені революциясыз өзгерту – іс жүзінде мүмкін емес», – деді МакГрегор.

Оның айтуынша, еуропалықтардың арасында қазіргі құрылымға қарсы көңіл-күй күшейіп келеді, бірақ оны бейбіт жолмен өзгертуге деген сенім азайған.

Еске сала кетейік, Дуглас МакГрегор – АҚШ Қарулы күштерінің отставкадағы полковнигі және Трамп әкімшілігінде қорғаныс саясаты бойынша кеңесші қызметін атқарған тұлға. Ол бұған дейін де Батыс елдерінің Украинадағы саясаты мен НАТО-ның рөліне қатысты сын-пікірлерімен танылған болатын.