Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Президент отандық бизнес өкілдерінің басын қосып елдегі банк саласын қаржыландыруға атсалысуға шақырды.

73

Президент отандық бизнес өкілдерінің басын қосып елдегі банк саласын қаржыландыруға атсалысуға шақырды.

Бұл біле білгендерге өте үлкен сигнал!

Мемлекет банк жүйесін сауықтандыруға млрдтап қаражат бөледі.

Бұл экс-Президенттің тұсынан келе жатқан үрдіс.

Әбден жаман үйреткен.

Алайда,  біздің банктер мемлекет пен халыққа әбден арқа сүйеп алған.

Еуропа банктері қаражаттарын қор биржаларына құйып, құнды қағаздар нарығына қатысып, әлемдік ірі жобаларға атсалысу  арқылы табыс табады.

Біздің банктер Дүниежүзілік банктерден 2-3% мөлшермен несие алып, оны халыққа 30-50% таратып пайда табады.

Нәтижесінде мемлекеттің дамуына үлесін қосудың орнына халықтың 60% қарызға батырып, кедейлендіруге ұрындырып, әлеуметтік дағдарыс тудырып отыр.

Сондықтан да Президент отандық кәсіпкерлерді банктерді сауықтандыру ісіне атсалысуға шақыруда.

Отандық бизнес өкілдеріне "Біз сіздердің аяқтан тұруларыңызға көмектестік. Енді сіздер ел дамуына үлес қосатын кез келді" деп бірнеше рет айтқан еді.Тыңдар құлақ болмады.

Отандық бизнес банк секторын дамытуға бірнеше жолмен үлес қоса алады:

1. Қаржылық ресурстарды тарту: Кәсіпорындар банктерге депозиттер орналастыру және басқа да қаржылық құралдарды пайдалану арқылы қаржылық ресурстарды ұсынады. Бұл банктердің өнімділігін арттырып, несиелік қызметтерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

2. Несиелік сұраныс қалыптастыру: Бизнес субъектілері банктік несиелерді пайдалана отырып, өз қызметін кеңейтеді және жаңғыртады. Бұл банктердің несиелік портфелін ұлғайтып, табыстылығын арттырады.


3. Қаржы құралдарын дамыту: Кәсіпорындар облигациялар шығару немесе акцияларды орналастыру арқылы капитал нарығын дамытады, бұл өз кезегінде банктердің инвестициялық қызметін жандандырады.

4. Цифрландыруды  енгізу: Бизнес процестерін цифрландыру арқылы кәсіпорындар банктермен өзара әрекеттесуді жеңілдетеді, бұл қаржылық қызметтердің тиімділігін арттырады.

Еуропада бұл мәселе әртүрлі тәсілдермен шешіледі. Мысалы, "Open Banking" тұжырымдамасы енгізіліп, банктер мен үшінші тарап провайдерлері арасында деректер алмасу стандарттары белгіленді. Бұл шағын және орта бизнеске қаржылық қызметтерге қолжетімділікті арттырып, инновациялық қаржы өнімдерін дамытуға мүмкіндік береді. 



Сонымен қатар, Еуропада әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет әлеуметтік кәсіпорындарды қолдау арқылы олардың қаржы секторына қатысуын ынталандырады, бұл өз кезегінде банктердің әлеуметтік жауапкершілігін арттырады. 

Осылайша, отандық бизнес пен банк секторының өзара тиімді ынтымақтастығы қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономиканың жалпы дамуына ықпал етеді.

Ең абзалы, банктерді бәсекелес ортаға тастау керек.

 Дегенмен бұлай банктерді асырай беруге болмас.

Ал отандық бизнес өкілдері, жұдырықтай жұмылып, мемлекеттің дамуына, экономикасына үлесін қосқысы келмесе нақты шаралар қолданған жөн.

Серік Жұманғарин мырза қосымша құн салығын көтеріп, халықты қанаумен емес, отандық бизнестің ел экономикасына араласып, Дубайдан 10-15-тен үй сатып алғыш олигархтарды қазақ экономикасының моделін дамытуға жұмылдырғаны дұрыс болар.