Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Путин мен Трамп Пасхаға немесе 9 мамырға дейін атысты тоқтатуға тырысады

61


Financial Times басылымының жоғары лауазымды украиналық және батыстық шенеуніктерге сілтеме жасап жазуынша, Ресей және АҚШ президенттері Украинадағы атысты тоқтату туралы келісімге не Пасхаға (биыл православтар мен католиктер оны 20 сәуірде атап өтеді), не 9 мамырға – Жеңіс күніне дейін қол жеткізуге ұмтылады.

«Путин мұндай келісімді ерекше датаға сәйкестендіргісі келеді», – деп мәлімдеді украиналық шенеунік.

Бұған дейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей президенті Владимир Путин егер әлемдік көшбасшылар 9 мамырда Мәскеуге келуді шешсе, оларды қуана қарсы алатынын мәлімдеген болатын.

Осыған байланысты журналистер Дональд Трамп та шақырылды ма? деген сұрақ қойды. Песков: «Әрине», – деп жауап берді.

Бұған дейін Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлескені жайлы BBC News хабарлады.