Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Астана «Сергекпен» қош айтысады: бейнебақылау жүйесін басқару ОАЭ компаниясына өтеді

129


Астанадағы интеллектуалды бейнебақылау жүйесі – «Сергек» жобасын әзірлеуші компанияның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) шарты аяқталды. Жаңа келісім жасалмайды.

2025-2030 жылдарға арналған жаңа МЖӘ жобасын Біріккен Араб Әмірліктерінің Presight компаниясы жүзеге асырады. Жобаға 53 млрд теңге бөлінбек.

Жобаның негізгі шарттары:

100% шығынды жеке инвесторлар өз мойнына алады;

60% үлеске қазақстандық компаниялар қатысады;

ОАЭ компаниясына төлемдер жүйе іске қосылғаннан кейін ғана беріледі;

Қолданыстағы барлық камералар бір ай ішінде жаңа серіктеске өткізіледі.

«Сергек» жүйесі Астанада 2017 жылы іске қосылған болатын.

Жобаны «Көркем Телеком» компаниясы әзірледі. Жеке инвесторлар оған 8,4 млрд теңге құйып, кейін акимат 24,9 млрд теңге төледі. Нәтижесінде, жеке инвестиция үш есеге жуық пайда әкелді.