Президент бола салысымен жүз қаулыға қол қойып, Таяу Шығыс пен Ресей-Украина қақтығысын бір күнде шешіп тастаймын деген сынды ақылға қонымсыз шешімдері талқылануда. Біріншіден, Трамп саясаткер емес саудагер. Оның мақсаты пайда табу. Бұл америкалықтар үшін жағымды болғанмен, әлем халқына тиімсіз шешімдер. Қысқаша айтқанда Трамп әлемнің қожайыны емес. Таяу Шығыс мәселесінде ол Израильдік басқыншыларды 100% қолдап отырған адам. Газадағы мыңдап қырылып, миллиондап босқан мұсылмандардың тағдыры оған бәрібір. Сионистік режимді қолдап, басқыншы Нетаньяхумен ауыз жаласып, қару беріп, Израиль жерінің кеңеюін барынша қолдап отыр. Қазір араб, ислам елдері қарсы болып отырған шешімдерінің бірі Газа тұрғындарын араб елдеріне жер аударып, Газаны АҚШ-тың қарамағына алу. Нетаньяху барлығын Трамптың ақылымен жасап отыр. Егер мұсылмандар өз атажұрты, заңды өлкесі Газадан кетпесе соғысты одан да жойқын ғып жалғастырады. Ресей-Украина мәселесіне келер болсақ, Трамп үшін Украина тағдыры бір тиын. Алдыңғы Президенттік мерзімінде Путинмен ауыз жаласқан Трамп соғысты қазіргі Украинаның Ресей басып алған Донбасс, Қырым, Львов облыстары мен оған қоса бес ауданды орыстарға беру арқылы шешпекші. Алайда бұл мәселе де украина халқының оның заңды Президентінің тіпті НАТО, Еуроодақтың пікіріне құлақ асып отырған жоқ. БҰҰ менсінбей оның барынша беделін түсіруде. Әрине Украина келіспейді. Ұлыбритания, Германия т.б елдердің қолдауымен соғысты жалғастырамыз деп отыр. Ал орыстың мұнай, газынан пайда көргісі келген АҚШ алдағы уақытта Ресеймен де, Қытаймен де қарым-қатынастар орнатып, Еуропа елдерін экономикалық, саяси тұрғыдан қыса бастайды. Ресейдің Орталық Азияға және Балтық жағалауы мен Африка континентіндегі елдерге ықпалын жүргізуге рұқсат береді. Сондықтан да алдағы уақытта Трамп әлемде әділдік орнатып, соғыстарды тоқтатады деу бос сөз.Ең бастысы алыптар айқасында еліміз аман шықса екен дегеннен басқа сөз жоқ!
Асылбек Байжұмаұлы. Трамп әлемге билік жүргізе алмайды
