Қандас мәртебесін беру тәртібі өзгерді

17

Астана. 07.05.2026. Munarmedia.kz – Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат (ВНЖ) беру және қандас мәртебесін рәсімдеу тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Жаңа ережеге сәйкес, өтініш беру процесі цифрлық форматқа көшіріліп, үміткерлерді бағалаудың қосымша жүйесі енгізілді. Енді өтініш иелерінің білімі, кәсіби дағдылары және қоғамға бейімделу деңгейі ескерілетін болады.

Сондай-ақ өтініш берушілерге тестілеуден өту және мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы деректерін тексеру талаптары қарастырылған.

Уәкілетті органдардың мәліметінше, енгізілген өзгерістер құжат рәсімдеу процесін жеңілдетуге, ашықтықты арттыруға және өтініштерді қарау тиімділігін күшейтуге бағытталған.

Айта кетейік, қандас мәртебесі тарихи отанына оралған этникалық қазақтарға беріледі және бірқатар әлеуметтік қолдау шараларын алуға мүмкіндік жасайды.