Трамп Германиядан бес мың әскерін шығару туралы бұйрық берді

14

Астана. 07.05.2026. Munarmedia.kz – АҚШ президенті Дональд Трамп Германия аумағынан шамамен бес мың америкалық әскери қызметшіні шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, Pentagon алдағы бір жыл ішінде америкалық әскерилердің бір бөлігін Германиядан шығару жоспарын жариялаған. Ақ үйдің мұндай шешіміне Германия канцлері Фридрих Мерц айтқан мәлімдеме себеп болғаны айтылып отыр.

Фридрих Мерц Иран билігін келіссөздерден жалтарып отыр деп айыптап, АҚШ тарапының әрекеттерін сынға алған. Ол Иранның ислам революциясы сақшылары корпусын атап өтіп, жағдайдың тезірек аяқталуына үміт білдірген.

Бұған жауап ретінде Дональд Трамп Германия басшысының сөздерін қатаң сынға алып, кейін Еуропадағы АҚШ әскери қатысуын қайта қарау мүмкін екенін мәлімдеген.

Соған қарамастан, қысқартудан кейін де Германия аумағында 30 мыңнан астам америкалық әскери қызметші қала береді.